Маңғыстауда теңіз жағалауынан өлген итбалықтар табылды
08.05.2023 11:45
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауынан өлі итбалықтар мен балықтар табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Теңіз жануарының өлі ұшасы Түпқараған ауданының орталығынан бір жарым шақырымдай жердегі жағалаудан табылғаны белгілі болды. Тексеру барысында итбалықтардан бөлек, бекіре мен кефаль балықтарының өлекселері толып кеткені анықталды. Олардың нақты көлемі белгісіз, бірақ жағалуыдң 100 метрден астам бөлігін алып кеткені айтылды.
Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары оқиға орнына барып, қажетті сынамалардың барлығын алғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта жануарлар мен балықтардың өлекселері сараптамаға жіберілген. Әзірге экологтар жануарлар мен балықтардың өлімінің алдын ала себептерін атаған жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

