Жаңалықтар

Маңғыстауда полицейлер бекіре мен уылдырықтың заңсыз айналымын тоқтатты

Маңғыстауда полицейлер бекіре мен уылдырықтың заңсыз айналымын тоқтатты
Фото: Polisia.kz 23.12.2024 12:02 105

Маңғыстауда полицейлер бекіре мен уылдырықтың заңсыз айналымын тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысында полицейлер прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел-іздестіру шаралары барысында заңсыз балық өнімдерін сақтаған жергілікті тұрғындарды ұстады. Тінту жұмыстары барысында күдіктілердің бірінен салмағы 88 келіні құрайтын 20 дана бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Ал екінші күдіктіден қара түсті балық уылдырығына ұқсас, салмағы 860 грамм болатын зат табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке байланысты сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың, олардың бөліктері мен дериваттарының заңсыз айналымы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға