Маңғыстауда оқушылар тағамнан уланып, ауруханаға түсті
03.04.2025 14:10
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Маңғыстау облысында 11 оқушы тағамнан улану белгілерімен ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейнеу ауылында 1 сәуір күні 9 бен 12 жас аралығындағы 11 оқушы жүрек айну, құсу және әлсіздік белгілерімен аудандық ауруханаға жеткізілген. Олар 2, 3 және 5 сынып оқушылары.
Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаларда асқорыту жүйесінің бұзылысы – функционалды диспепсия анықталған.
Азық-түлік үлгілерін зерттеуге алынып, тексеру жүргізілуде. Балалардың қазіргі жағдайы тұрақты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

