Жаңалықтар

Маңғыстауда оқушы екі бауырын пышақтап тастады

Маңғыстауда оқушы екі бауырын пышақтап тастады
Фото: pixabay.com 14.04.2023 19:51 4225

14 сәуірде сағат 04:30 шамасында 102 кезекші пультіне Маңғыстау облысы, Ақшұқыр ауылындағы үйлердің бірінде пышақтау дерегі бойынша шақыру келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, 11 жасар кәмелетке толмаған бала өзінен үлкен 19 және 12 жастағы әпкелеріне пышақ жұмсап, жарақаттаған. Оны кейбіреулер ұйқысын аша алмай пышақ салған десе, кейбіреу тик-токтан көргенін қайталаған деген ақпарат тарап жатыр. 

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Біреуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылды, екіншісі әлі ауруханада. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді,  – делінген Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәлімдемесінде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға