Жаңалықтар

Маңғыстауда итбалықтардың қырылуына бойынша қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстауда итбалықтардың қырылуына бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: МО Экология департаменті 08.05.2023 15:57 941

Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының инспекторлары Түпқараған ауданы Каспий теңізінің жағалауынан 15 итбалық пен 4 бекіре балығының өлексесінің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі
 
-Мониторинг барысында Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мемлекеттік инспекторлары 2023 жылғы 6 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00 шамасында келіп түскен ақпарат бойынша Түпқараған ауданы, Баутино ауылының Каспий теңізінің жағалауынан 15 дана итбалық пен 4 дана бекіре балығының ұшасы табылды, - деп хабарлады ведомство.

Аталған факт бойынша құрамында әкімдік, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, гидробиология және экология институты, қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринарлық қызметі, экология және полиция департаменттері, табиғат қорғау прокуратурасы өкілдері бар жұмыс тобының мүшелері хабардар етілді.

- Теңіз жануарларын табу фактісі бойынша 2023 жылғы 6 мамырда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады, оның шеңберінде жануарлардың өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлары анықталатын болады, - деп хабарлады балық инспекциясы.

Келесі күні, 7 мамырда итбалықтар табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, ветеринариялық инспекцияның, Қазгидрометтің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы шықты.

- Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті анықталған жерден су мен ауа сынамаларын алды. Табылған теңіз жануарларының өлекселерінің көпшілігі қатты ыдырау сатысында болғандықтан, өлімнің себептерін анықтау үшін гистологиялық сынамаларды алу мүмкін болмады, - деп хабарлады инспекция.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастыруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға