Жаңалықтар

Маңғыстауда елуге жуық иттің өлексесі қоқыста жатыр

Маңғыстауда елуге жуық иттің өлексесі қоқыста жатыр
Фото: © Pixabay.com 07.03.2024 15:15 962

Маңғыстау облысында тұрғындар қоқыста жатқан елуге жуық иттің өлексесіне шағымданып жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жария болған бейнежазбада үлкен шұңқырда ашық жатқан иттің өлекселері анық байқалады. Болжам бойынша аталған жайт Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылының маңында болған. Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Мархабаев қазіргі уақытта мәселенің қазір тексеріліп жатқанын жеткізді. Алайда іздеу жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан иттердің өлексесі табылмаған.

Оқиға туралы бейнежазба жарияланған соң басқарма мамандары іздеу жұмыстарын бастады. Облыстың Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылының әкімдігімен сөйлестік. Елдімекен маңынан иттің өлекселері табылмады. Әкімдік мамандары ауылда арнайы жою орны барын атады. Бұдан бөлек, Маңғыстау ауданында болғаны туралы болжам айтылды. Алайда ауданда да бұл оқиға тіркелмеген. Қазір тиісті жұмыстар қолға алынып, жағдай бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады. Жұрттан түскен шағым ескерусіз қалмайды, - деді Бердібек Мархабаев.

Осыған дейін Ақтауда қаңғыбас иттерді аулап, кейін өлекселерді өртеу кезінде шыққан түтінге тұншыққан тұрғындар шағымданған еді.

Бұған қатысты Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы оқиғаның барлығы тиісті нормаларға сәйкес атқарылып жатқанын атаған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға