Жаңалықтар

Маңғыстауда декреттік демалыста болған әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады

Маңғыстауда декреттік демалыста болған әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 30.09.2024 10:42 114

Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери бөлімінде қызмет еткен сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келісімшарт негізінде қызмет атқарған 1985 жылы туған сарбаздың денесі өзі тұрған пәтерден табылды. Қайғылы оқиға 28 қыркүйекте болған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметші шамамен бір жыл бойы декреттік демалыста болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өз-өзіне қол жұмсаған. Себептері мен мән-жайлары анықталуда, қылмыстық іс қозғалды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, — деп хабарлады Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға