Маңғыстауда азаматтық қоғамды дамыту мәселелері талқыланды
23.05.2025 03:36
Фото:
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Құрманова Айзада Амангелдіқызы Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында облыс тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдау жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында министрлік қызметінің басым бағыттары бойынша мәселелер талқыланды. Жергілікті ҮЕҰ тарапынаназаматтық қоғам саласын одан әрі дамыту бойынша ұтымды ойлар мен ұсыныстар айтылды.
Айзада Құрманова қазіргі уақытта Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ҮЕҰ туралы заң жобасын әзірлеу және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша министрлік жанынан арнайы жұмыс топтарының құрылғандығын жеткізіп, бірлесе жұмыс жүргізуге шақырды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

