Маңғыстауда 7 жасар қыздың қолы арматураға қысылып қалған
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
11.09.2024 09:45
Фото:
Видеодан кадр
Оқиға Маңғыстау облысының Сайын Шапағатов кентінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шақырту орнына жеткен құтқарушылар 7 жасар қыздың қолына арматуракіріп кеткенін анықтады. Олар гидравликалық қайшылардың көмегімен арматураны кесіп, қыз баланы жедел жәрдем қызметкерлеріне берді.

