Жаңалықтар

Маңғыстауда 20 адам сальмонеллез ауруын жұқтырған

Маңғыстауда 20 адам сальмонеллез ауруын жұқтырған
Фото: ©El.kz/Мұхтар ХОЛДОРБЕКОВ 15.07.2023 07:30 1178

Науқастардың басым бөлігі – әскерилер. Ауру жұқтырғандар арасында екі бала бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ауру сарбаздар арасында сәуір айында тіркелген. Алдымен 13 жағдай тіркелсе, кейін ауру тез таралып, науқастар саны 20-ға өскен. Ағзаға сальмонелла бактериясы енген соң, дене қызуы көтеріліп, іші ісіп, құрысып қалады. Содан антибиотик қабылдағаннан кейін 1 апта ішінде адам қалпына келеді. Мысалы, ауру адам қоғамдық тамақтандыру қызметкері болса, тамақ пісіру кезінде басқаларға да жұқтыруы мүмкін», – дейді Маңғыстау облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бердібек Саралтаев.

Санитарлық эпидемиологтар қоғамдық орындарда азық-түлік өнімдерін, оның ішінде жеміс-жидек пен көкөністі сатып алғанда, құрамы мен жасалу мерзіміне, сыртқы түріне ерекше назар аудару керегін еске салады.

Сальмонеллез – сальмонелла тобына жататын, көптеген қоздырғыш тудыратын жіті ішек ауруы.

Ғалымдар сальмонеллалардың 700-ден астам түрін анықтаған. Олар қоршаған ортаға төзімді, төмен температурада ұзақ сақталады. Ауру қоздырғыштары тағамда, әсіресе жұмыртқада, сары майда, сүтте және ет өнімдерінде тез көбейеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға