Жаңалықтар

Маңғыстауда 11 әлеуметтік нысан жемқорлық тәуекелдер картасына енді

Маңғыстауда 11 әлеуметтік нысан жемқорлық тәуекелдер картасына енді
11.11.2023 16:26 964

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру шеңберінде еліміз бойынша жалпы 156 әлеуметтік нысан Тәуекелдер картасына енгізілді. Оның ішінде, Маңғыстау облысында 11 әлеуметтік нысан бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі сайты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жемқорлық тәуекелдер картасына енген 11 нысанның бақылауға алынғандығы туралы Антикордың Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов баяндады. Оның ішінде: 


* Жармыш ауылының кентішілік су құбырын қайта жаңарту және салу;
* Шетпе ауылында кәріз жүйесін салу (2 кезек);
* Жаңаөзен қ. Мерей шағын ауданына дейін сумен жабдықтау жүйесін салу.;
* Су тазарту құрылысын және кентішілік сумен жабдықтауды салу;
* Ақтау қаласының 18 және 19 А шағын аудандарында жалпы білім беретін мектеп салу;
* Мұнайлы ауданында 150 төсектік орталық аудандық аурухана салу;
* Ақтау қ. Шығыс-2,3 т.ж. шағын ауданішілік автожолдар салу;
* "Жыңғылды-Шайыр-Шерқала" автожолын қайта жаңарту;
* "Шетпе-Қызан" автомобиль жолын қайта жаңарту 49-85 км.;
* Ақтау-Форт-Шевченко автомобиль жолын жарықтандыру (14-28) км. 

Антикор профилактикалық қызметінің басшысы Саян Ахметжановтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою жұмыстары, әсіресе, әлеуметтік маңызы бар салаларда жалғаспақ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға