Жаңалықтар

Маңғыстау полицейлері бала сату дерегін анықтады

Маңғыстау полицейлері бала сату дерегін анықтады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 02.12.2023 07:38 785

Ақтауда баласын сатпақ болған әйел ұсталды. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 42 жастағы әйел әлеуметтік желілерді тексеру кезінде анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы – Кәмелетке толмағандарды саудалау бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктінің үйін тінту кезінде есірткі заты табылды. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі - Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ Kizdar.net сайтына мониторинг жүргізген кезде жалдамалы пәтерлерде жезөкшелікпен айналысқан 35 қыз есепке алынған. Оның үшеуі арнайы қабылдау-тарату орталығына орналастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға