Маңғыстау облысының әкімі өзін қорғайтын оққағарларының санын атады
02.11.2024 15:47
Фото:
GOV.KZ
Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың “Оққағарым бар” деп журналист сұрағына берген жауабы кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Онда аймақ басшысы журналистің “Сіздің оққағарыңыз бар ма?” деген сұрағына жауап берген.
Оққағарым бар. Бірақ ол сізге көрінбейді. Маған да көрінбейді. 362 оққағарым бар. Егер сіздің ниетіңіз дұрыс болса, ол бәрімізді күзетеді, - деп жауап берді облыс әкімі.Желіде оқырмандар әкімді қолдап, оның жауабына ризашылықтарын білдірген.
“Маңғыстаудың 362 әулиесі қорғайды деп керемет жауап берді”, “Базар жоқ, түсінген адамға әдемі жауап” деген сыңайда түрлі пікірлерін жазып қалдырған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

