Маңғыстау облысында жартастардағы жазу көпшіліктің ашуын туғызды
06.05.2025 19:33
Фото:
Видеодан алынған кадр
Ақтаудан 43 шақырым жерде орналасқан танымал жағажайлардың бірінде белгісіз адамдар жартастарды аэрозольді бояумен бояп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлер бұл оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады.
Табиғат аясында демалып қана қоймай, олар жартастың бетіне үлкен әріптермен «Үштаған» (Маңғыстау облысындағы ауыл атауы) деген жазу қалдырған. Сонымен қатар оқиға орнынан тасталған қоқыс қаптары да табылды — бұл қоршаған ортаға деген құрметтің жоқтығын көрсетеді, — делінген видео сипаттамасында.
Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырды.
Облыстық полиция департаменті тәртіп бұзушыларды анықтау жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

