Жаңалықтар

Маңғыстау облысында ұшақ апатынан қаза тапқандар құрметіне Каспий теңізіне гүл шоқтары жіберілді

Маңғыстау облысында ұшақ апатынан қаза тапқандар құрметіне Каспий теңізіне гүл шоқтары жіберілді
Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігі 27.12.2024 01:03 333

26 желтоқсан күні Ақтау, Құрық және Баутино порттарында ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алу және оларға құрмет белгісі ретінде Каспий теңізіне аза тұту гүл шоқтары жіберілді6 деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық әкімдігінің мәліметінше, теңізшілер бұл жалпыға ортақ қасірет екенін жеткізді.

Бұл жантүгершілік ұшақ апатынан қаза тапқандардың барлығына құрмет белгісі болмақ. Бұл соңғы жылдардағы ең қайғылы оқиғалардың бірі, бірнеше ондаған адам қайтыс болды. Олардың қатарында балалар да бар. Қайтыс болғандардың жақындарының сезімдері түсінікті, біз сіздермен біргеміз. Біз қамкөңіл жандардың қайғысына ортақпыз, - деп атап өтті еске алу шарасына қатысушылар.

Құрық портындағы әзербайжандық «Zarifa Aliyeva» паромында да осындай рәсім өтті, онда кәсіпорын қызметкерлері, аудан әкімдігі және БАҚ өкілдері жиналды. «Құрық Порт» ЖШС директоры Серік Ахметов ұшақ апатын бүкіл елді дүр сілкіндірген қайғылы оқиға деп атады. Ол қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Осындай іс-шара Баутино портында да өтті, онда ондаған адам жиналды. Олар бір минут үнсіздікпен қаза тапқандарды еске алып, аймақ тұрғындары, оның ішінде теңізшілер де зардап шеккендерге кез келген уақытта барлық қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға