Маңғыстау облысында кен орнындағы өрттен бір адам зардап шекті
13.06.2023 15:45
Фото:
видеодан алынған кадр
Маңғыстау облысындағы «Бозашы Мұнай» ЖШС-ға қарасты «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнындағы өрттен бір адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Заман Энерго» ЖШС мердігерлік мекемесінде бұрғылаушының көмекшісі жарақат алды. Ол кеудесінің сол жағындағы 8-қабырғасының жабық сынығы, сол жақ білегінің ІІІ дәрежелі термиялық күйігі диагнозымен ауруханаға жолданған. Тексеруден кейін үйіне жіберіліп, амбулаториялық ем тағайындалды, деді Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 9 маусым күні «Бозашы Мұнай» ЖШС «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнында 1088 метр тереңдіктен бұрғылау құралының көтерілуі салдарынан өрт тұтанған еді.
Тілсіз жау бүгінге дейін әлі ауыздықталған жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

