Жаңалықтар

Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады

Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Фото: otpannews.kz 28.12.2024 00:33 301

Маңғыстау өңірінде 2025 шілдесіне дейін 36 000 тоннаға жуық балық ауланады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңірімізде кәсіпшілік балық аулаумен маусымдық негізде 600 балықшы, тұрақты түрде 75 балықшы айналысып келеді. Каспий теңізінің маңғыстаулық секторының жағалауы 33 кәсіпшілік балық аулау учаскесіне бөлінген. 

Қазіргі уақытта 24 кәсіпшілік балық аулау учаскесі 16 пайдаланушыға бекітіліп берілді. Сондай-ақ, 2023 жылы шілде айынан 2024 жылдың шілдесіне дейін облысқа 11 152 тонна балық, 2024 жылы шілде айынан 2025 шілдесіне дейін 36 268 тонна лимиті бекітілген.  

ЖАО құзыреті аясында Балық шаруашылығы басқармасы жанынан «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қызмет» КММ-сі құрылып, штат бекітіліп, құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарымен бірлескен іс-шаралар жүргізуліп жатыр.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер негізінен балық азықтарын сатып алу және балық өсіру материалын сатып алу шығындарын өтеу үшін субсидия алды. Онымен қоса, қазіргі уақытта өңірде  балықтарды өсіретін 3 кәсіпорын бар. 

Олар:
- «Kazakh Оsseter» ғылыми өндірістік кәсіпорны» ЖШС мен «Caspian Riviera» ЖШС (бекіре тұқымдас балық түрлерін);
- «Nataly Company» ЖШС (жайын, тиляпии балығы.)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға