Маңғыстау облысында 1 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
18.01.2025 09:32
Фото:
gov.kz
Маңғыстау облысының «Отеу-Бақай» жерінде 1000 гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР АШМ Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті өтініш негізінде шаруа қожалығына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Шаруа қожалығын жүргізу үшін бөлінген жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды. Меншік иесіне жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Нұсқаманың бір жыл ішінде орындалмауына байланысты сот шешімімен меншік иесіне әкімшілік айыппұл салынды.
Департамент жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берді. Сот шешімімен Департаменттің талаптары толық қанағаттандырылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

