Жаңалықтар

Маңғыстау мен Атырау халқы ет өнімдерін көп тұтынады

Маңғыстау мен Атырау халқы ет өнімдерін көп тұтынады
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 10.09.2024 23:41 400

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы II тоқсанда Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарында азық-түлік өнімдерін тұтыну жөніндегі бюллетеньді жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдыңғы жылдардағыдай үй шаруашылықтарының тұтыну шығындарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17,2%), нан мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.
Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау, Атырау және Жетісу облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалған.

2024 жылдың II тоқсанында орташа алғанда жан басына шаққандағы жекелеген азық-түлік түрлері бойынша тұтыну мөлшері:

картоп – 11,1 кг

Нан өнімдері мен жарма өнімдері – 30,4 кг
Ет және ет өнімдері – 20,2 кг
Жемістер – 16,5 кг
Қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер – 10,6 кг

Сүт және сүт өнімдері – 57,9 кг
жұмыртқа – 50,6 дана
Балық және теңіз өнімдері – 3,5 кг

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға