Жаңалықтар

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы мерт болды

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы мерт болды
Фото: pixabay.com 24.12.2024 09:22 345

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиғаға себеп еңбекті қорғау ережелерін бұзу екендігі айтылады.

23 желтоқсан 16:00 шамасында өндіріс орнында күрделі жөндеу цехының ұстасы қаза тапты. Қайғылы жағдайға құбырдың құлауы түрткі.

Аталған оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. 

Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, - деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.

Тергеу шаралары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға