Мәнерлеп сырғанау: Олимпиадаға іріктеу турниріне кімдер қатысатыны белгілі болды
18.09.2025 00:18
Фото:
ҰОК
19 қыркүйекте Қытайдың Бейжің қаласында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталады. ҰОК аталған жарысқа Қазақстан атынан қатысатын спортшылар тізімін ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Турнир барысында 2026 жылғы Олимпиадаға берілетін соңғы жолдамалар сарапқа салынады. Отандастарымыз екі бағдарламада бақ сынайды.
Ерлер арасындағы жекелей сайыста Диас Жиренбаев өнер көрсетеді. Сондай-ақ қосалқы құрамда Никита Кривошеев, Олег Мельников пен Артур Смағұлов бар. Ал мұздағы биде Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова сынға түседі.
Жекелей сайыста Олимпиада жолдамасын үздік бес спортшы иеленсе, мұздағы биде төрт жұп жолдама алады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

