«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасында екі рекорд орнатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Топтық кезеңнің қорытынды матчында «қалалықтар» сербиялық «Црвена Звезда» клубын 3:2 есебімен ұтты. Осылайша Хосеп Гвардиола шәкірттері өз тобында бірінші алып қана қоймай, алты матчта максималды 18 ұпай жинады. Осы арқылы «Манчестер Сити» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының алты ойынының барлығында жеңіске жетіп отыр.
Бұдан бөлек «қалалықтар» жетінші рет өз тобынан бірінші орынмен шықты.
Сондай-ақ «Манчестер Сити» еурокубоктарда қатарынан сегіз рет жеңіске жеткен бірінші ағылшын клубы атанды.
Айта кетейік, «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

