"Манчестер Сити" чемпиондар лигасының финалында жеңімпаз атанды
11.06.2023 09:48
Фото:
Спорт-Экспресс
«Манчестер Сити» футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жеімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ағылшын футбол клубыны аталған турнирді алғаш рет жеңіп отыр. Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Олимпиада стадионында өткен кездесуде «Манчестер Сити» және «Интер» командалары кездескен болатын.
Ойын барысында қос команда үздіксіз шабуылдағанымен, алғашқы таймда есеп ашылмады.
Екінші таймда «Манчестер Сити» шабуылды үдетіп, 68-минутта Родриго Эрнандес "Интер" қақпасынан саңылау тапты.
Осыдан кейін 90 минут аяқталғанша таблодағы есеп өзгемеді. Интерліктерде қанша мүмкіндік болғанымен гол соғудың реті келмеді.
Айтат кететін жайт, "Манчестер Сити" 2021 жылы Чемпиондар лигасының финалыан шығып, "Челсиден" ұтылған болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

