ҰОК

Манамада III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары ресми түрде ашылды

23.10.2025 07:47

Бахрейннің Манама қаласында 2025 жылғы III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ашылу салтанаты Бахрейннің Exhibition World Bahrain көрме кешенінде өтті. Биыл тарихта алғаш рет Азия ойындарының ашылу рәсімі жабық ғимаратта ұйымдастырылды.

Қазақстан құрамасының Ту ұстаушылары ретінде боксшы Рүстембек Мұхамедәлі мен жеңіл атлет Юлия Демкина шықты.

Салтанатты шараның бағдарламасы Бахрейннің мәдени келбетін көрсетіп, жергілікті жастардың Азия құрлығындағы құрдастарына достық пен бірлік туралы арнауын жеткізді.

Рәсім соңында 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алауы жағылды.

Бұл жарыста Қазақстан атынан 20 спорт түрінен 220 жас спортшы ел намысын қорғайды. Алдыңғы Азия ойындарында ұлттық құрама 13 медаль (соның ішінде бір алтын) жеңіп алған болатын.

Биыл өтіп жатқан Азия ойындарына 45 Ұлттық Олимпиадалық комитеттен 8000-нан астам қатысушы келген.

Жарыстар 19 қазанда басталып, 31 қазанға дейін жалғасады.