Жаңалықтар

МӘМС қаражатын қайтарып бермейміз. Денсаулық сақтау министрі депутат сынына жауап берді

МӘМС қаражатын қайтарып бермейміз. Денсаулық сақтау министрі депутат сынына жауап берді
Фото: primeminister.kz 17.05.2023 09:29 951

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжановтың «МӘМС жоғары лауазымды шенеуніктер мен олардың туыстарының жем-шөбі» деген сынына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Рахымжанов медициналық ұйымдарға жүгінбеген қазақстандықтарға МӘМС қорына төленетін төлем жалпы сомасының 50%-ын өтеуді ұсынған.

«Бүгінде бұның барлығы заңнамалық тұрғыдан анықталған, бекітілген. Ақша қайтарылмайды. Биыл бұл адам ауырып-сырқамаса, онда жылына орта есеппен түсетін 100 мың теңгенің 50 мың теңгесін оған қайтару қарастырылмаған. Себебі келер жылы оған 1 миллион теңгенің медициналық көмегі қажет болатын шығар. ондықтан бұл көмек барлығына бірдей қол жетімді болуы үшін қаражат қайтарылмайды», - деді Ажар Ғиният.

Ол егер әркім өз аударымдарын қайтарып алатын болса, шоттағы қаражат жеткіліксіз болады. Мыселен, 300-500 мың теңге жалақы алатын адам жылына қорға шамамен 130 мың теңге аударады. Оған бүгін медициналық көмек қажет болмауы мүмкін, бірақ келесі жылы 1 миллион теңгенің көмегі қажет болуы ықтимал ғой деп отыр.

«Мысалы, коронарографияны, миокард инфарктісі кезіндегі жіті коронарлық синдром дертін алайық – оны емдеу құны 1,2 - 1,5 миллион теңге. Сондықтан бұл жүйе бастапқыда «дені сау адамдар науқастар үшін, байлар кедейлер үшін төлейтін ынтымақты жүйе» ретінде құрылған», - дейді министр.
Ол денсаулық сақтау жүйесіне қосымша қаражат пен инвестиция жылдар бойы құйылғандықтан, МӘМС жүйесін енгізу дұрыс және дер кезінде қабылданған шара екенін айтты.


15 мамыр күні Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Рахымжанов МӘМС жүйесін сынаған еді. Депутат шенеуніктер «жарқын болашаққа» уәде бергенімен, Қазақстанда адамдар сапалы медициналық қызмет көрсетуді уақытында алмағандықтан қайтыс болып жатыр деген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға