Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде демекші, сауықтыру – ең дұрыс ем. Медициналық тексерістен өту арқылы аурудың алдын алуға да болады. Сол үшін елімізде медициналық көмектің көлемін арттыру үшін МӘМС жүйесі енгізілгені белгілі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аталған жүйе бойынша қандай медициналық көмектерді тегін алуға болады? Ол қалай төленеді? Дәрігерге жылына неше рет бару керек? Осы сұрақтардың жауабын «Бүгінгі тренд» бағдарламасында білесіздер.