Жаңалықтар

МӘМС неге оңалмай отыр? Жамаубаев жауап берді

МӘМС неге оңалмай отыр? Жамаубаев жауап берді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 10.10.2023 13:01 1121

Қаржы министрінің айтуынша, мемлекет МӘМС-ке бөлінетін қаражаттың басым бөлігін құйып отыр. Мәселе мемлекетте емес, басқада екен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

МӘМС қамтылуының 60%-ін мемлекет құйып отыр. Сондай-ақ мемлекет жарна салатын мүгедектер, күнін көре алмай отырған азаматтар, зейнеткерлер сияқты 15 категория бар. Ал енді МӘМС-ті төлей алмай отырған 3 млн азамат саналы түрде төлемей жүр. Себебі олар мен төлемесем, ешкім білмей қалады деп ойлайды. Біз барлығын біліп отырмыз. Біз осы 3 миллион азаматпен дұрыс жұмыс істеуіміз керек. Сақтандыру жүйесі ортақ болғандықтан, жүйеге әсер етіп тұр. Жұмыс істеп жүрсе, жарнаны төлеп отыруы керек. Егер осы 3 млн адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болсақ, олардың 90%-ына төлетуге болады. Сол кезде жүйе толыққанды жұмыс істейді, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға