Жаңалықтар

«Мәмбеттер тілі». Алматылық тиктокер қазақ тілін қорлаған

«Мәмбеттер тілі». Алматылық тиктокер қазақ тілін қорлаған
Фото: © Unplash 16.04.2024 14:38 1674

TikTok-та қазақ тілін қорлаған алматылық 21 жастағы Элина Люге сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Элина Лю Tiktok желісінде стримға кіріп, он мыңға жуық көрерменнің алдында қазақ тіліне деген жеккөрушілігін көрсеткен.

Ол қазақ тілін ұнатпайтынын және оны “мәмбеттер тілі” деп атап, мәмбеттердің кесірінен Абай көшесінде кептеліс болатынын айтқан. Қыздың сөзінше, Алматыда ешкім қазақша сөйлемейді.

Қыздың айтқан сөзі әлеуметтік желіге тарап, қызу талқыға түскен. Полиция департаменті іс қозғап, айтқан сөзі тиісті сараптамаға жіберілді.

Шынымды айтсам, мен қазақ тілін ұнатпаймын, ол – мәмбеттер тілі" деген сөз тіркестерінде қазақ ұлтын тілдік негізде кемсітетін баға бар және бұл қоғамдық мораль нормаларын бұзады. Мұндай мәлімдемелер қазақ ұлты өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты қорлау болып саналады. Осы тұста ұлттық араздықты немесе алауыздықты қоздыру белгілері бар, – делінген сараптама қорытындысында.

Сот шешімі бойынша, Элина Лю қылмыстық кодекстің 174-бабы "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша сотталып, екі жыл ең төменгі қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді. Ал оның баласы әжесіне беріледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға