Жаңалықтар

"Мамбетский тіл". Қазақ тілін қорлаған Алматылық қызды тергеу басталды

"Мамбетский тіл". Қазақ тілін қорлаған Алматылық қызды тергеу басталды
Фото: © Polisia.kz 19.10.2023 17:26 26013

Әлеуметтік желіде қазақ тіліне қатысты ойын айтқан қыздың видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен қазақ тілін өте қатты жек көремін. Сондай мамбетский тіл, шыны керек. Ауылдан келген "мамбеттер" де жыныма тиеді. Солардың кесірінен Алматыда кептеліс көп. Барлық ауылдықтар көшіп келген. Білмеймін, маған қазақ тілі ұнамайды, шынымды айтсам, - дейді Алматы тұрғыны. 

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерекке қатысты пікір білдірді. 

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 174-бабы (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қажет шаралар қабылданады, - дейді ПД өкілдері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға