Жаңалықтар

Малайзияда Димаштың ерекше концерті өтті

Малайзияда Димаштың ерекше концерті өтті
Фото: dimashnews.com 25.06.2023 23:27 616

Малайзия астанасы Куала-Лумпурдағы Axiata Arena-да алғаш рет Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтіп, қазақ халық аспаптарының үні әуеледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Малайзияға Димаштың өнерін, оның «Stranger» деп аталатын әлемдік деңгейдегі шоуын тамашалау үшін әлемнің түпкір-түпкірнен жанкүйері жиналды. Шоу бағдарламасы көрерменді әртүрлілігімен таң қалдырды. Димаш әр түрлі стильдер мен жанрларда жеті тілде композиция орындады.

Еуропа мен Америка авторларының «Golden», «If I never breathe again», «S.O.S» шығармалары шырқалды. Жапондық автор Кози Тамакидің терең және қайғылы «Autumn strong» әні Димаштың «I am a Singer» жобасындағы сәттерді еске түсірді. Әртістің «Screaming», «Let it be» композициялары және қытай тіліндегі «Battle of Memory» саунд-трегі де орындалды.

Композитор Игорь Крутойдың шығармалары Димаштың шығармашылығында маңызды орын алады. «Stranger» титулдық әні, полифониялық «Олимпико», сондай-ақ «Аве Мария» және барлық Dears-тің сүйікті «Любовь уставших лебедей» әнін зал қосыла шырқады.

Малайзиялық әнші Сити Нурхализ концерттің қонағы болды, ол өзінің керемет хиті «Bukan Cinta Biasa» және дәстүрлі «NIRMALA» әнін айтты.

Шоу бағдарламасында көрермендер әртіспен бірге қазақ тіліндегі «Дайдидау» және «Дурдараз» халық әнін, сондай-ақ қазақстандық композиторлар Айгүл Бажанованың «Махаббат бер маған», Еділжан Ғаббасовтың «Fly Away» және Димашпен бірге жазған «Zhalyn» әндерін тыңдап, орындады.

Жас композитор Әбілмансұр Құдайберген өзінің алғашқы композиторлық жұмысы «Together» әнін үлкен ағасымен бірге ұсынды.

Ана тілінде ерекше әсерлі шығармаларды орындағаннан кейін Димаш сүйікті атасынан айырылғаннан кейінгі қиын күндерде қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлеріне алғыс айтты.

Концерттің өту өтпеуі екі талай еді, бірақ сіздердің қолдауыңыздың арқасында бәрі ойдағыдай өтіп жатыр. Бізге әкеміз үнемі «Егер сөз берсең, нағыз ер адамша сөзіңде тұр, - деп ақыл-өсиетін айтатын, - деді Димаш.

Шоудың соңғы бөлімінде испан тіліндегі «El amore en ti» ірі композиторлық жұмыстары және осы кеште ерекше әсерлі болған «The story of one sky» реквиемі орындалды.

Бұл арман! Мен өте бақытты әртіспін, өйткені менде сіздердей керемет тыңдауышларым бар, - деп Димаш өз жанкүйерлерін келесі концерттерде күтетінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға