Малайзияда чемоданнан әйелдің шіріп кеткен денесі табылды
18.04.2023 14:35
Фото:
Фото: pixabay.com
Оқиға Джохор-Бахру (Малайзия) қаласында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
CNA мәліметінше, қаладағы ескі аялдамалардың бірінен табылған чемоданда әйелдің денесі болған. Мәйіт шіріп кеткен.
Сараптама дененің шамамен 25 жастан асқан әйелге тиесілі екенін растады. Ал оның қайтыс болғанына шамамен екі апта болған. Сонымен қатар әйел басынан жарақат алғаны анықталды. Дегенмен өлімінің нақты себебі әзірге белгісіз.
Полиция мәліметінше, жәбірленушінің денесі іріп кеткендіктен, оның жынысын, жасын және қайтыс болу уақытын анықтау қиынға соққан.
Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

