Жаңалықтар

Макрон Францияда ұлттық аза тұту күнін жарияламақ

Макрон Францияда ұлттық аза тұту күнін жарияламақ
Фото: AP/AP 17.12.2024 10:39 147

Францияның Майотта аралында алапат дауылдан жүздеген адам қаза тапты. Дүйсенбі күні президент Эммануэль Макрон Майотта аралындағы жағдайға байланысты тұрғындарға шұғыл көмек көрсету үшін төтенше шаралар қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері мен Майоттаға барып, азаматтарымызға, мемлекеттік қызметкерлерге және көмек көрсетуге жұмылдырылған күштерге қолдау білдіремін. Бұл төтенше жағдайға қарсы тұру және болашаққа дайындықты бастау туралы мәселе. Бізді бәрімізді алаңдатқан бұл қайғылы жағдайға байланысты мен ұлттық аза тұту күнін жариялаймын, – деді француз көшбасшысы.

Еске сала кетейік, 14 желтоқсан, сенбі күні француз аралына аса қатты дауыл соққан болатын. Жергілікті БАҚ халық арасында көп шығын болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға