Жаңалықтар

Макарон жесеңіз арықтайсыз - диетолог

Макарон жесеңіз арықтайсыз - диетолог
Фото: © Pixabay.com 13.11.2023 17:30 1443

Әйгілі әртіс Софи Лорен: «Менің осындай табысты болуымның бір ғана құпиясы бар. Ол – спагеттиді үнемі тұтынғаным» - деген болатын. Оның бұны әзіл ретінде немесе шынайы айтқаны маңызды емес. Бірақ, мокорон өнімдері шынымен бойдағы күш-қуатты арттыруға, көңіл күйіңіздің жақсаруына көмектеседі. Себебі, макарон бұл – тұнып тұрған көмірсу. Ал, өз кезегінде көмірсулар көңіл-күйді көтеретін гормондар бөлінуіне, энергиямен қамтамасыз етуге және адам ағзасында пайдалы денелер түзілуіне ықпал етеді.

Бірақ, макарон жеп қалай арықтауға болады? Тек, көмірсу тұтынып дене бітімді қалыпқа келтіруге мүмкін бе? Күніне қанша келі макарон жеу керек? Бұл сұрақтардың жауабын дәрігер-диетолог және биотехнология докторы Татьяна Солнцева айтып берді.

Ең алдымен, түсініп алу керек. Макарон пайдалы тағам ба, әлде зиянды ма? Макарон ол — көмірсуларға бай тағам. Бірақ сіз, мен макаронды жиі жеймін, алайда неге арықтамаймын деп уайымдамаңыз. Өйткені, оның да дайындалу техникасы бар. Басты түсіну керек дүние ол: жоғары көмірсутекті тағамдарды жегенде, құрамында талшық мөлшері жоғары бірақ, тез қортылатын тағам түрлерін таңдауға талпыну керек, - дейді диетолог.

 

Барлық кінә ұннан жасалатын тағамдарда

Алғашқы назар аударатын нәрсе бұл – тағамдарды дұрыс таңдау. Егер, мақсатыңыз арықтау болса, бидай мен ұнның қатты сортынан дайындалған макарон өнімдерін алғаныңыз жөн. Олар, құрамында 14% ақуыз бар. Ал бұл аз көрсеткіш емес. Бидайдың қатты сортынан дайындалған макарондардың денсаулыққа пайдасы көп. Оған қоса, оның құрамында В витаминінің көрсеткіші жоғары, - деп атап кетті маман.

Сондай-ақ, әртүрлі құрамында әртүрлі қоспалары бар макарондарға да назар аударған жөн. Мысалы: шпинат, қызанақ, қара қарақұмық ұны қосылған өнімдер. Оларда ақуыз деңгейі көп болады. Кейде тіпті жасыл түс беру үшін макаронға спирулина балдырының сығындысы қосылады. Жасыл түстілері денсаулыққа өте пайдалы.

 

Жартылай шикі қылып дайындаған дұрыс

Екінші маңызды мән беретін дүние ол – макаронды дұрыс дайындау. Ең дұрысы оны толық пісірмеу. Яғни, тағамды жартылай шикі қылып дайындаған дұрыс. Аспаздар бұндай әдісті «аль денте» деп атайды. Мұндай тағамды тұтынған уақытта ағзаңызға көмірсулар баяу сіңеді. Қандағы глюкоза мөлшері күрт көтерілмейді және ас қорыту мүшелері үшін де жеңіл.

Макаронды немен дайындау керек? Құр макаронның өзін жей бермейтініңіз анық. Ең дұрыс әрі пайдалы нұсқа әрине көкөністермен дайындалған паста. Біріншіден, тағамдағы калория мөлшері аз болады. Екіншіден көкөністер құрамындағы пайдалы денелер арқылы ағзаңызға макаронның асқазанда тез қортылуына және бойға сіңімді болуына көмектесесіз.

Cаңырауқұлақпен дайындалған паста да керемет нұсқалардың бірі. Өйткені, саңырауқұлақтар – ақуыз бен бета-глюкандарға бай. Бұл ерімейтін полисахаридтер. Олар ішек микробиотасының әртүрлілігі мен белсенділігін реттеуде маңызды рөл атқарады және иммунитетке, гемопоэз жүйесіне оң әсер етеді. Ағзадағы холестерин мен қандағы қант деңгейін төмендетеді.

Егер, ірімшік қосылған тағамдарды сүйіп жейтін болсаңыз, онда ірімшікті пастаға қосуға болады. Бірақ, майлы емес және калория аз сортын алған жөн. Себебі, ірімшік - ақуыз бен кальцийдің жақсы көзі болып табылады.

Бітіміңізді сақтағыңыз келсе, бастысы майлы соустар мен қоспаларды қолданбаңыз. Оған қоса, күнбағыс майына макаронды көп қоспағаныңыз жөн.

 

Макаронмен бірге көкөністі көп тұтыныңыз

Күнделікті ішетін тамағыңыздың жартысы макарон өнімдерінен тұрса, жартысы міндетті түрде қырыққабат, қызанақ, қияр, шпинат секілді крахмалды емес көкөністер болуы тиіс. Өйткені, тамақтану барысында бір бөлік — ақуыз тағамдары болса, қалған бір бөлігі —көмірсутекті тағамдардан құралуы қажет, - деп кеңес береді диетолог.

Неліктен итальяндықтар күнделікті макарон жеп, семірмейді? Өйткені, олардың генетикасында бар. Олардың басты ұстанымы макаронды қанша көп тұтынсақ та, көкөністерді көп қолданады.  Оған қоса, майлы тұздықтар мен соустарды қоспайды. Бар құпия осы!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға