Махмұд Сабырхан ширек финалға өтті
11.03.2024 10:19
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 57 келідегі кезекті жекпе-жегінде Жосуе Тирадоны (Пуэрто-Рико) 5:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Бұған дейін ол алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Эфиопия спортшысы Лета Фикеремариам Яадесаны, екінші айқасында Саравут Сукзетті 3:2 есебімен ұтты.
Осылайша, ширек финалға ерлерден алты боксшы өтті.

