Жаңалықтар

Махмұд Сабырхан Париж олимпиадасын аяқтады

Махмұд Сабырхан Париж олимпиадасын аяқтады
Фото: ҚР ҰОК/Тұрар Қазанғапов 31.07.2024 15:03 507

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық боксшы Олимпиаданың бірінші айналымында испаниялық Хосе Кильеске есе жіберді. 

Испаниялық атлет бірінші раундта 4:1, екінші раундта 5:0, ал үшінші раундта 3:2 есебімен басымдық танытты. Қорытынды есеп - 4:1. 

Бұл Париж ойындарын аяқтаған ұлттық құраманың үшінші боксшысы. Бұған дейін Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев жарыспен қоштасқан болатын. 

Олимпиаданың бірінші күні болғандықтан ба, білмеймін, ұтылғанды мойындау керек. Бірақ бірінші раундта испаниялыққа беріп жіберді. Бірінші раунд бәрін құртып жіберді. Бірінші раундта өзім жеңгендей болдым, екінші және үшінші раунд... Шынымды айтсам, бірінші раундта алып тұрған едім, соны бергенде жақсы бокстасар едім. Екінші раундты да беріп жіберді, үшінші раунд ештеңе шешпейтінін білдім. Осымен Олимпиаданы аяқтадым. Бар күшімді салдым, - деді Сабырхан.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға