Жаңалықтар

Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырды

Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырды
Фото: ҚР ҰОК 16.09.2024 21:10 555

Бокстан Амманда өтетін Азия чемпионаты қарсаңында танымал қазақстандық боксшылар салмақ ауыстырды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов ҰОК сайтына берген сұхбатында мәлімдеді. 

Азия чемпионатына ең мықты деген боксшыларды апарамыз. Құрлық додасы қарсаңында біраз боксшының салмақ дәрежесі ауыспақ.

48 келіде Санжар Тәшкенбай мен Теміртас Жүсіпов, 51 келіде Сәкен Бибосынов пен Дамир Әбдіхалықов арасында өзара мықты атанған боксшыларға басымдық береміз. 

Махмұд Сабырхан да 54 келіде күш сынап көретінін айтты. Серік Теміржанов 60 келіге, Айбек Оралбай +92 келіге ауысып жатыр. Қамшыбек екеуін бақылаймыз, егер Қоңқабаевтың салмағы аздау боп жатса, 92 келіге түсірерміз.

Мұның бәрі алдағы уақыттың еншісінде. Салмақ бойынша осындай жаңалықтар бар, - деді бапкер. 

Айта кетелік, Париж Олимпиадасында Махмұд Сабырхан 57 келіде, Айбек Оралбай 92 келіде сынға түскен болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға