Махмұд Сабырхан – Азия чемпионы
Махмұд Сабырхан ересектер арасында алғаш рет Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бокшымыз Махмұд Сабырхан 54 кг дейінгі салмақта Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол Таиландтың Чиангмай қаласындағы финалда өзбекстандық Шахзод Музаффаровты айқын басымдықпен жеңді. Төрешілер есебі: 4-1.
Қазақ спортшысы барлық раундта қарсыласына жойқын соққыларын дөп тигізіп, еш мүмкіндік берген жоқ.
Осыдан екі жыл бұрын Амман қаласындағы Азия чемпионатында Махмұд финалда сүрініп, 2-орыннан көрінген.
Ал Санжар Тәшкенбай күмісті қанағат тұтты. 48 кг дейінгі салмақтың аса тартысты өткен финалында жерлесіміз өзбекстандық Шодиержон Меликузиевке есе жіберді. Төрешілер есебі: 1-4.
Осылайша, 21 жастағы Санжар Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері атанды. Ол осыған дейін 2022 жылы Амман қаласында қарсылас шақ келтірмеген.