Махмұд Сабырхан Әлем кубогын жеңіспен бастады
01.07.2025 15:56
Фото:
Видеодан алынған кадр
Махмұд Сабырхан елорда төрінде өтіп жатқан Әлем кубогын сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
55 келіде сынға түсіп жатқан отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Шин Жаеонгты жеңді. Есеп - 5:0 (30-25, 30-26, 30-26, 30-25, 30-25).
Ендігі кезекте Нұрбек Оралбай мен Мурад Аллахвердиев арасындағы жекпе-жегі өтеді.
Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде құрама көшбасшыларының бірі Абылайхан Жүсіпов алғашқы айналымда жеңіліс тапты.

