Махмұд Сабырхан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
08.05.2023 16:25
Фото:
instagram.com/boxingkazakhstan
Ташкентте басталған әлем чемпионатында боксшы Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатының күміс жүлдеге ие болған М.Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шығып, венгр боксшысы Иштван Сакомен жұдырықтасты.
Бірінші раунд нәтижесі бойынша қазақстандық боксшыға төрт төреші жеңісті берді. Екінші кезеңде Махмұд қарқынды үдетіп, 5:0 есебімен алда тұрды. Жекпе-жек қорытындысында да төрешілер бірауыздан жеңісті Махмұд Сабырханға беріп, отандасымыз келесі кезеңге өтті.
8 мамыр күні кешкі сессияда Қазақстан құрамасынан Санжар Тәшкенбай мен Сағындық Тоғамбай өзбекстандық Шодиержон Меликузиев және Шохжахон Абдуллаевқа қарсы шығады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

