Жаңалықтар

Махат Садық «Бас редакторлар клубының» атқарушы директоры қызметіне тағайындалды

Елордада «Бас редакторлар клубының» есептік жиыны өтті
Махат Садық «Бас редакторлар клубының» атқарушы директоры қызметіне тағайындалды
Фото: El.kz 03.02.2023 16:16 1854

Махат Садық «Бас редакторлар клубының» атқарушы директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Биыл «Бас редакторлар клубына» 15 жыл толып отыр. Клубтың есеп беру жиынына клуб мүшелері мен директоры Бибігүл Жексенбай қатысты. Жиын барысында 15 жылда клубтың ұйымдастыруымен өткен маңызды шаралар мен жиындар талқыланды. 

Махат Садық «Бас редакторлар клубының» атқарушы директоры қызметіне тағайындалды

Сонымен қатар, «Бас редакторлар клубының»  міндетін атқарушы директоры қызметіне «Qazcontent» АҚ басқарушы директоры Махат Садықты ұсынды. Бұл ұсынысты клуб мүшелері бірауыздан қолдады.

«Клубтың белсенділігі жаңа деңгейге көтерілуі үшін үлкен жобаларды қолға алуымыз керек. Үлкен жобалар әрине қаражатсыз жасалмайды. Бұл тарап бойынша салалық министрлік тарапынан да қолдау болады деп ойлаймыз. Өйткені өңірлік журналистер форумы болсын, медиа форумдардың барлығында көтеріліп жүрген мәселелерді толықтай қарай келе, «Бас редакторлар клубына» деген сенім мен қолдау байқалып жатыр. Осындай үлкен жиындарда тізгінші болып, басқарып отырғаныммен атқарушы директордың міндеті үлкен жобаларды жүргізіп отыру. Сондықтан осы жауапты қызметке журналистикада үлкен тәжірибесі бар Махат Садықты ұсынамын», - деді клуб директоры Бибігүл Жексенбай.

Бұған дейін «Бас редакторлар клубының»  атқарушы директоры қызметін Әсем Еселбаева  атқарған болатын. Ал «Бас редакторлар клубының» директоры Бибігүл Жексенбай болып қалды. 

Махат Садық «Бас редакторлар клубының» атқарушы директоры қызметіне тағайындалды

Сондай-ақ, жиын барасында клуб мүшелері өңірдегі журналистерге көңіл бөліп, жабылып жатқан басылымдарға қолдау көрсету мәселесін және жоғары оқу орындарындағы журналистердің білім сапасын арттыруды талқылады. Осы тұста Бибігүл Жексенбай бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлімен талқылағанын және жақын арада мәселенің шешімін табатынын айтты. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға