Махамбет ауданында 66 егін алқабы мен 27 мал шаруашылығы қожалығы зардап шекті
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
21.05.2024 19:45
568
Атырау облысы Махамбет ауданында бірде бір мал шығыны тіркелмеген. Себебі, қауіпті аймақтардағы қожалықтардағы мал басы толықтай алдын ала бекітілген қауіпсіз аймақтарға көшірілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Махамбет ауданы ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, өр суынан зардап шеккендердің қатарында 1 өндірістік жылыжай құрылысы, 1 жылыжай, 1 ешкі сүтін өндіретін зауыт, 1 балық өсіру зауытының құрылысы және 4 демалыс орны бар.
Зардап шегу қаупі бар аймақта егін шаруашылығымен айналысатын 7, мал шаруашылығымен айналысатын 19 шаруа қожалығы бар.
Зардап шеккен егін шаруашылығы иелерінің шығыны толықтай өтеледі. Өр суының қарқыны саябырлаған соң, арнайы комиссия құрылып, акт жасалып, есебі жүргізіледі, - деп нақтылады Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде мемлекеттік архивтер саны 231-ге жетті