Жаңалықтар

Махамбет Әбжанның жазасын өтеуіне қатысты жаңа шешім шықты

Махамбет Әбжанның жазасын өтеуіне қатысты жаңа шешім шықты
Фото: instagram.com/abzhannews 16.06.2023 16:30 587

Биыл 9 жылға сотталған журналист Махамбет Әбжанның жазасын өтеу режимі өзгертілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеген Махамбет Әбжан 2023 жылғы 3 ақпандағы үкіммен қайтадан бас бостандығынан айырылған. Ал жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздіктегі мекемесінде өтеуге тағайындалған еді. Жаңа заң сотталған Махамбет Әбжан жаңа мүмкіндік береді. Ол осыған байланысты қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне ауыстырылды, – делінген Ақмола облысы Аршалы аудандық сотының мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, Махамбет Әбжан – журналист, блогер, белсенді. Былтыр шілде айында 50 миллион теңге алған кезде ұсталған. Әбжанға «көрінеу жалған ақпарат тарату» (274-баптың 3-бөлігі) және «бопсалау» (194-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы) баптары бойынша айып тағылды. Ол биыл 3 ақпанда 9 жылға сотталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға