Махачев-Волкановски реваншы нокаутпен аяқталды
22.10.2023 09:24
Фото:
instagram.com/islam_makhachev
21 қазанда Абу-Дабиде UFC 294 турнирі аясында ресейлік файтер Ислам Махачев пен австралиялық Александр Волкановски арасында жеңіл салмақтағы чемпион белбеу бәске тігілген реванш кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жекпе-жек Махачевтің бірінші раундта нокаутпен жеңісімен аяқталды. Махачев техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Еске салайық, Махачев пен Волкановскидің 2023 жылдың ақпан айында UFC 284 турнирінде өткен бірінші кездесуі төрешілер шешіммен Исламның жеңісімен аяқталған болатын.
31 жастағы Махачевтің еншісінде 25 жеңіс пен бір жеңіліс бар. 35 жастағы Волкановскийдің еншісінде 26 жеңіс және үш жеңіліс бар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

