Жаңалықтар

"Махаббатымның бәйбішесі". Әбдіжаппар Әлқожа жұбайына көлік сыйлады

"Махаббатымның бәйбішесі". Әбдіжаппар Әлқожа жұбайына көлік сыйлады
Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha 01.09.2023 09:42 3406

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа жұбайын туған күнімен құттықтап, көлік сыйлады. Өнер иесі әйеліне алғаш рет осындай тосынсый жасағанын жасырмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жақында ғана "Бәйбіше" деген әнімен елдің талқысына түскен әнші Әбдіжаппар Әлқожа 9 жыл отасқан әйеліне алғаш рет көлік мінгізді.

Махаббатымның бәйбішесі, туған күнің құтты болсын. Үйленгенімізге 9 жыл болды. Тоғыз жылда сені бір де бір жыл дұрыс құттықтап, жаныңда болмаппын. Осы жылы, осы жолы барынша қуантуға тырыстым. Сен менің жан дүниеме керексің, оригиналым, - деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝐀𝐁𝐃𝐈𝐙𝐇𝐀𝐏𝐏𝐀𝐑 𝐀𝐋𝐊𝐎𝐙𝐇𝐀 (@abdizhappar_alkozha)

Видеодан Әбдіжаппар Әлқожа мен достарының әншінің жұбайын күтіп алып, құшақ-құшақ гүл ұсынғанын байқауға болады. Осыдан соң әнші әйеліне көлікті сыйға тартады. Желі қолданушылары Әбдіжаппардың отбасына бақыт тілеп, жылы лебізін жаудырды.

"Сен мықты әйелсің, оны елдің бәрі біледі, бұндай азаматтың жары болу өте қиын, бақытты бол, қарағаым", "Бақытты болыңыздар", "Төрт баланы дүниеге әкеліп, жұбайының еркелігін көтерген әйелге не сыйласа да жарасады", "Жұптарың жазылмасын", - деп жазды желідегілер. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға