Магомед Адиев қазақстандық жанкүйерлер туралы ойын айтты
16.11.2023 18:21
Фото:
© El.kz/Мади Ысқақов
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ұлттық құраманың футболға қызығушылықты қалай арттырғаны туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сан-Мариномен ойынға билеттер сатылып кеткен. Жанкүйерлерге не айтасыз?
Оқи отырыңыз:
- Сан-Марино құрамасында жиһаз жасайтын шебер мен сантехник ойнайтыны рас па?
- Қазақстан Сан-Мариноға 4-5 гол салмайды. Адиев ондай қадамға бармайды – Ермұхамед Мәулен
Бұл біз үшін өте маңызды. Ұлттар лигасындағы жорығымыз есімде. Әзербайжанмен ойнадық, сол кезде алаң менің шашым сияқты еді – әр-әр жерде ғана жанкүйерлер көрінеді. Ал қазір бәрі өзгерді, қарсыласымыз көшбасшы деп айта алмайсың, ал матчқа билеттер сатылып кетті. Адамдар матчты тамашалағысы келеді, федерациядағыларға хабарласып билет сұрайды. Қарсылас үшін, команданы қолдау үшін келеді. Бұл біз үшін абырой. Бәріне рахмет, - деді Адиев.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

