Жаңалықтар

Магнитудасы - 4,3: Алматыға жақын маңда тағы да жер сілкінді

Магнитудасы - 4,3: Алматыға жақын маңда тағы да жер сілкінді
Фото: © El.kz 05.02.2024 10:40 1547

Сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпулерін 5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 09:18-де тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3, - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, ТЖМ Бурабайдағы жер сілкінісі туралы хабарламаға түсініктеме берген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға