Мадридте алғашқы қазақ-испан сөздігін шығару ұсынылды
19.07.2025 17:45
Фото:
Сыртқы істер министрлігі
Мадрид қаласында Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшісі Данат Мұсаев Сервантес институтының директоры Луис Гарсия Монтеромен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жылы әрі мазмұнды диалог аясында тараптар білім, мәдениет және тіл алмасу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.
Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени жақындасу мен академиялық диалогты кеңейтуге бағытталған маңызды бастама ретінде алғашқы қазақ-испан сөздігін шығару ұсынылды.
Тараптар тұрақты серіктестікті дамытуға өзара мүдделілік білдіріп, Қазақстан мен Испания арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған нақты жобаларды іске асыруға дайын екенін растады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

