Мадияр Кембілов футболдан Қазақстан әйелдер құрамасына бас бапкер болды
25.07.2023 16:36
Фото:
kff.kz
Қазақстандық маман Мадияр Кембілов Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Ол бапкерлік мансабын 2005 жылы бастады. «Ордабасы U-16», «Академия Оңтүстік», «Тұран Ж», «Яссы» сияқты клубтарда жаттықтырушы қызметін атқарған. Қазіргі таңда «БИІК-Шымкент» қыздар командасының бас бапкері қатар атқарады.
Оқи отырыңыз:
- Француз тілінде Рахмоновқа арналған рэп шықты
- Жарықсыз қалғандарына ашынған Қонаев тұрғындары жолды жауып тастаған
Бұған дейін бұл қызметті ресейлік маман Александр Семенов болған еді.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасына қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша біздің команда С лигасының төртінші тобына түсіп, онда Израиль, Эстония және Армениямен ойнайды. Топтық кезең матчтары 20 қыркүйекте басталып, 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

