Мәдениет және спорт министрлігі Кубогының иегері анықталады
Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Кубогының иегері анықталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» сарайында спорт мектеп-интернат-колледждер арасындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Кубогының 2-иегері анықталады.
Бас жүлдені былтырғы жеңімпаз Қ.Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж (Астана) бен Жақсылық Үшкемпіров атындағы Олимпиада резервінің облыстық мектеп-интернат-колледжі (Жетісу) сарапқа салады.
Ал қола жүлдегер Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектеп-интернаты (Түркістан облысы) мен Жамбыл облысының мектеп-интернат-колледж арасындағы тартысты белгілі болады.
Биыл да Кубоктың жалпы жүлде қоры – 10 миллион теңге. Жеңімпаз 5 миллионға ие болса, 2-орынға үш, қола медаль алған командаға 2 миллион беріледі.
Барлығы 17 спорт оқу ордасы қатысып жатыр. Олар дзюдо, бокс, таеквондо, грек-рим және еркін күрестен сынға түседі. Таеквондо биыл бағдарламаға бірінші рет қосылды. Биыл 2007-2008 жылдары дүниеге келген шәкірттер бақ сынады.
Еске сала кетейік, 14 - 22 сәуір аралығында Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында мектеп-интернат-колледждер арасындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Кубогы өтті.