Жаңалықтар

Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды

Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды
Фото: primeminister.kz 30.01.2024 19:20 1133

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Арман Жүдебаев Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды. Оның лауазымынан босатылуына басқа жұмысқа ауысуы себеп болған, деп хабарлайды  Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдап, еңбек жолын 2006 жылы «Алматы әуендері» МКҚК-да әртіс-аспапшы қызметінен бастаған.

2007-2009 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК домбыра тобының әртісі;

2009-2011 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-нің дирижерлау кафедрасының оқытушысы; 

2011-2013 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-де домбыра кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы;

2013-2018 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК бас дирижері;

2018-2023 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ ректоры;

2023 жылғы мамыр-шілде аралығы — Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы;

2023 ж.  — Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымдарын атқарған.

2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға